Кабинет здорового образа жизни

 

Алдын – алу және әлеуметтік – психологиялық

көмек беру бөлімшесі

 

Талас аудандық орталық емханада «Алдын – алу және әлеуметтік – психологиялық көмек беру» бөлімшесі құрылған. Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

 

 

1.    Салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты  

 

     ұйымдастыру;

 

2.    Профилактикалық скринингілік бағдарламаларды іске асыру;

 

3.    Әлеуметтік - психологиялық қызмет көрсету және сүйемелдеу.

 

 

Бөлімше жанынан  Жастар орталығы қызмет атқаруда. Жастар орталығы -  еркінділік, қол жетімділік, мейірімділік және сенімділік негізінде жасөспірімдердің жас ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсететін орталық.

Орталықта психолог қабылдау жүргізеді. Сенім-телефоны бойынша жасөспірімдердің аноним қабылдаулары жүргізіледі.

Сенім телефоны: 8(72644) 4-01-42.

 

1. Салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

 

Салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту, аурудың алдын-алуға насихаттау мақсатында СӨС орталығында 6 мектеп құрылған.

 

·          «АГ және жүрек қан тамыры ауруларының алдын - алу» мектебі

 

·          «Репродуктивтік денсаулық қорғау» мектебі

 

·          «Қауіп – қатер мінез – құлық факторлары бойынша» мектебі

 

·          «Глаукома» мектебі

 

·          «Өкпе демікпесі» мектебі

·          «Қант диабетін алдын - алу» мектебі

Сонымен қатар, бекітілген жоспарға сай күнделікті емхана дәрігерлері мен медбикелер тарапынан халыққа түрлі медициналық тақырыптық ақпараттық оқыту жүргізіледі. Халыққа салауаттылықты насихаттау қызметтерінің барлығы тегін жүргізіледі.

 

 

 

2. Профилактикалық скринингілік бағдарламаларды іске асыру.

Бөлімшеде профилактикалық скринингілік бағдарламалар іске асырылады. 0 – 17 жас аралығындағы балалар мен ересектерді скринигтік тексеруден  өткізіледі.

Ересектерді скринингтік тексеруден өткізу ауруды ерте анықтау мен одан сақтандыруға бағытталады.  Бұл қауіп факторларын және ауруды ерте кезеңінде анықтау үшін нақты дені сау жастағы адамдардың медициналық профилактикалық тексеруден өтуі. Скринингтік тексерулер толық көлемде тегін,  кепілденген тегін медициналық көмек аясында өткізіледі.

1) қанайналымы жүйесінің негізгі аурулары - артериалды гипертония, жүректің ишемиялық

    ауруы;

2) әйелдер мен еркетер арасындағы қант диабеті;

3) әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісігі;

4) әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды, қатерлі ісігі;

5) әйелдер мен еркетер арасындағы глаукома;

6) әйелдер мен еркетер арасындағы тік және тоқ ішектің ісікалды, қатерлі ісігі;

0 – 17 жас аралығындағы балаларға келесі скринингтік тексерулер жүргізіледі: психофизикалық бүлінулер скринингі және кіші жастағы балалардағы естудің бұзылуы және патологиясын ерте анықтауға скрининг өткізу.

Скринингтің негізгі мақсаты – бұл анықталған қауіп тобынан балалар денсаулығын уақытында психологиялық педагогикалық түзету.

 

3. Әлеуметтік - психологиялық қызмет көрсету және сүйемелдеу.

Бөлімшеде  әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Бөлімнің құрамы: әлеуметтік қызметкерлер, психологтар.

 

Әлеуметтік қызметкерлер  -  бұл өмірде қиын жағдайларға душар болған тұлғаны немесе отбасын әлеуметтік қызметкер қамтамасыз ететін, туындаған әлеуметтік мәселелерді жеңу үшін жағдай жасайтын, және олардың қоғамдық өмірге араласуы үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндік жасауға бағытталған қызметкелер кешені. Әлеуметтік қызметкерлер  емханаға тіркелген халыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді, жеке адамдар және топтардың әлеуметтік қызмет көрсетудегі мәселелерін анықтайды, сауықтыру үдерісіне халықты  белсенді араластырады, қамқорлық пен қорғаншылықты бекіту, жәрдемақыларды тағайындау құжаттарын дайындауға, интернат-үйлеріне анықтауға және басқа жәрдем түрлерін алуға көмектеседі.  

Психологиялық қызмет – өмірінде қиын жағдайға душар болған тұлғаны немесе отбасын психологиялық қолдау, психологиялық профилактика мен психодиагностика жасауға бағытталған қызметтер кешені. Психолог адамға психологиялық көмек көрсету мәселесін шешу (жеке мәселелерін шешуге, ұжымдағы өзара қарым – қатынасын, балаларымен неме ата - аналарымен өзара қарым – қатынасын реттеуге көмек көрсету) және халыққа психокоррекциялық және психопрофилактикалық көмек береді. Қоғамда бейімделу және оңалу мақсатында ақпараттық және консультациялық кеңес алуына көмектеседі, халыққа өзіне, өз күшіне сену мүмкіндігін алуына, ол үшін қиын болған жағдайдан шығуына көмектеседі.

 

 

Алдын – алу және әлеуметтік – психологиялық

көмек беру бөлімшесі меңгерушісі                                Молжигитова Г.Т.

 

 

Вернуться назад