🔰Қожағаппар медициналық пунктінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
🔹Кожағаппар ауылында медициналық пункт ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар әзірленіп, конкурстық процедуралар өткізілді.
🔹17 қыркүйек күні Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Исаков және бас есепші Ержан Ақыбаев, медициналық пункттің күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты техникалық қадағалау қызметінің мамандары және мердігерлермен кездесті.
🔹Кездесу барысында бас дәрігер медициналық пункттегі күрделі жөндеу жұмыстарындағы пациенттің қауіпсіздігі үшін жасалатын маңызды тұстарды атап өтіп, ерекше назар аударуды қажет ететін жұмыстарға арнайы тоқталып өтті.
🔹Медициналық пункттің күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17- жұлдызында басталды. Жөндеу жұмыстарының жүргізілу мерзімі 3 ай.