Хирургия

ТАКОА-ның хирургиялық бөлімі 1975 жылы құрылды. 2017 жылдан бастап жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі-Бақытжан Онласынұлы Ментаев. Жұмыс тәжірибесі 18 жылдан астам.

Хирургиялық бөлімше травматологиялық, хирургиялық, паллиативтік, оңалту көмегін көрсетеді.

Хирургиялық бөлім 23 төсекке орналастырылған . Оның ішінде хирургиялық-10, травматологиялық-10, оңалту-2, паллиативтік-1. Бөлімше жанындағы күндізгі стационарда 6 төсек бар (оның ішінде -1 оңалту төсегі).  Медицина қызметкерлерінің саны небәрі – 21, оның ішінде 4 дәрігер, 8 орта медициналық персонал, 10 кіші медициналық персонал.

Жалпы хирургиялық бөлімшені жарақтандыру: әмбебап операциялық үстел -1 дана; стерильді құралдарды сақтауға арналған ультракүлгін камералар-2 дана; операциялық шам -2 дана; физиотерапиялық диагностикалық лазерлік афдл аппараты-2 дана; пациенттің көпфункционалды мониторы-2 дана.