ДА Ойық

Ойық дәрігерлік амбулаториясы

Ойық  дәрігерлік  амбулаториясы Ойық ауылы С.Шәкіров көшесінде орналасқан. Бұл ұжымда 20 қызметкер бар . Қазіргі таңда  2 дәрігер, 10 мебдике, 1 акушер , 1 әлеуметтік қызметкер , 1 еден жуушы, 2 қарауыл,  1жүргізуші , 2 от жағушы  халыққа қызмет атқарып келе жатыр. Амбулаторияға бір Фельдшер Акушерлік Пункт ,  үш  Мед Пункт қарайды. Жалпы амбулаторияға тіркелген халық саны -2960.

 

2020 жылдың маусым айына дейін амбулатория  Абдиева Заря Сейілбекқызы ның  басқаруында болды. Қазіргі таңда зейнетке шығып,  балаларының жанында бейнетінің зейнетін көруде .

 

2020 жылдың тамыз айынан бастап жалпы тәжірбиелі екі дәрігер жас маман халыққа қызмет етуде. Күнделікті екі дәрігер елуден аса науқасты қабылдайды. Науқастық ауруына байланысты консультативті диагностикалық тексерулерге жіберіледі. Амбулаторияда анализдер алынып тексеріледі. Күнделікті науқастардың шақыртуына барып, медициналық көмектерін көрсетіп халықтың алғысына бөленіп отыр.