ТАМДЫ АУЫЛЫНДА мектеп оқушыларының арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы» тақырыбында семинар өткізілді
🔸Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша, ТАМДЫ АУЫЛЫНДА мектеп оқушыларының арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы» тақырыбында семинар өткізілді.
🔸Кездесуге Талас ауданындағы орталық аурухананың психологтарі А.Елубаева, А.Байдарбекова және гинеколог дәрігер А.Дузееваның қатысуымен, қыз балаларға дәріс оқылды.
🔸Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.