Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар көбейіп отыр. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын осындай диагноз 30 мың адамда анықталады.
Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар көбейіп отыр. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын осындай диагноз 30 мың адамда анықталады.
 
Осы себепті еліміздің онколог-дәрігерлері онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік өткізуде. Шараны 1 ақпаннан 10 ақпанға дейінгі аралықта ұйымдастыру жоспарланған. Бұл ретте медициналық тексеруден өту – тегін.
 
Жатыр мойны обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді.
 
ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРІ ИНДИРА ГАЛИДИН 
С. Сейфуллин атындағы орта мектеп, «Рай- Рус» балабақшасы мен аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ және СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу бойынша нұсқаулықпен таныстырды.