Емхана туралы

Талас аудандық емханасына тіркелген халық тіркелімі (РПН регистор прикрепления населения) халық саны – 40934 адам, оның ішінде: ересектер – 24985, балалар – 13680,
жасөспірімдер –2269. Оның ішінде фертильді жастағы әйелдер-7984.
Аудандық орталық ауруханасында аудан тұрғындары үшін барлығы 215 төсекті құрайтын төсек қоры жұмыс жасайды. Оның ішінде: 140 тәуліктік төсек, ауруханаішілік күндізгі
стационар бойынша 30 төсек - орын, емхана бойынша күндізгі стационар бойынша 55 төсек орны бар. МСАК-тің аусым бойынша қабылдау қуаты 620 қабылдау , сонымен қатар,
9-дәрігерлік амбулатория, 4-ФАП, 13-МП қызмет көрсетеді.
Аудандық емхана - аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік үлгіде салынған. 2016 жылдың 26 қарашасынан бастап жұмыс жасауда. Құрылыс жұмысын ТОО «Корпорация жилстрой
Тараз» жүргізді.
Ауылдық округтердегі амбулаториялар мен Фельдшерлік акушерлік пункт, медициналық пункт телефон нүктесімен толығымен қамтылған, компьютер техникасымен жабдықталған және
ғаламторға толығымен қосылған.
Біздің борышымыз: Аурухананың әрбір емделушісіне қамқорлық көрсете отырып, оларға үміт ұялату, денсаулық пен амандық сыйлау.

Біздің құндылықтарымыз:

Құрмет. Емделушілер мәселесін шешу үшін шын көңілден түсіністік танытып, ең жақсы күтім мен қамқорлық көрсету.
Қолжетімділік. Емделушілермен ашық әрі адал қарым-қатынас орнату, қолжетімді қызметті, ем-дом шараларының кешенділігін, демократиялық баға мен тексеруден мейлінше тез
әрі кезек күттірмей өту мүмкіндігін жүзеге асыру.
Ұжыммен жұмыс. Дәрігерлер ұжымының әрбір мүшесінің ортақ іске тигізген үлесін білу және қолдау қажет. Ұжымның әрбір мүшесінің мақсатты күш-жігері арқылы ең жоғарғы
нәтижелерге, сапалы қызмет көрсетуге талаптану.
Инновациялар. Біздің аурухана базасында заманауи технология мен медициналық құрылғыларды ендіруді ынталандыра отырып, инновацияға қол созу.
Кәсібилік. Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасы, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес, әр ауруға емес әр науқасты жалпы қарау. "Ауруды емес, науқас адамды емде" деген
ежелгі ереже-біздің ұстанымымыз! Бұл жәй ғана сөз емес-бұл өмір салтымыз.
Дәстүрлерге адалдық, үлкен көп жылдық тәжірибие.
Әр науқас адамға жекеше жол табу, үлкен көп жылдық тәжірибие, емдік медицинасынан алдын алу медицинасына көшу.
Құпия. Дәрігерлік құпия, дәрігерге сеніп тапсырылған жеке құпия-кәсібилік құпия болып табылады. Біздің науқастарға және аурухана қызметкерлеріне дәрігерлік құпияның
қатаң сақталуы кепілдік береді.
Бас дәрігер : Имаммырзаев Есмахан Ауесбекович
Медициналық ұйымның толық атауы: Жамбыл облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Талас аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік камуналдық кәсіп орны.
Ұйым денгейі: Аудандық
Заңды мекен-жайы: Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы, Б.Момышулы көшесі 19 үй
Электронды поштасы: glav.crb_talas@mail.ru

Подробнее
jf2
jf
  • 250+

    келу ауысымға

  • 44007+

    бекітілген халық саны

  • 60+

    білікті дәрігерлер

Жаңалықтар

ШЖҚ МКК «Талас аудандық орталақ ауруханасы» Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі
ШЖҚ МКК «Талас аудандық орталақ ауруханасы» Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі
«Үздік тәжірибелер орталығы» жұмыс істеуде
«Үздік тәжірибелер орталығы» жұмыс істеуде
Дүниежүзілік бала емізу апталығы
Дүниежүзілік бала емізу апталығы
Дүниежүзілік бала емізу апталығы
Дүниежүзілік бала емізу апталығы
Аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) немесе жұқпалы аурулар – бұл жұқпалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын аурулар
Аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) немесе жұқпалы аурулар – бұл жұқпалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын аурулар
previous arrow
next arrow