Имаммырзаев Есмахан Әуесбекұлы

Имаммырзаев Есмахан Әуесбекұлы

Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Имаммырзаев Есмахан Әуесбекұлы 1962 жылы қаңтар айының 1 ші жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген.

1969 жылы Ойық орта мектебінің табалдырығын аттап 1979 жылы орта мектепті үздік аяқтап, еңбек жолын 1979 жылы Ойық қаракөл қой совхозында жөндеуші мамандығы болып бастаған. 1980 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар емдеу бөліміне білімгер болып қабылданып, 1982-1985 жылдары Кеңес армиясы қатарында болды.

1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар емдеу бөлімін балалар дәрігері мамандығы бойынша бітіріп, Тараз қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің емдеу бөлімінде дәрігер- интерн болып медицина саласында қызметін бастады.

1992 – 1996 жылдары Талас аудандық орталық ауруханасында балалар дәрігері, балалар бөлімінің меңгерушісі, туберкулезге қарсы кабинеттің меңгерушісі

1996 – 1997 жылдары аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарып,

1997 – 2010 жылдары аралығында Талас аудандық туберкулезге қарсы ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.

2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарады.

«Нұр Отан» – партиясының мүшесі. 2011- 2016 жылдары V – шақырылған аудандық маслихаттың депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, облыстық маслихаттың, аудандық маслихаттың құрмет грамоталарымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Астананың 10 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Маслихаттың 20 жылдығы мерекелік медальімен, Қазақстан даңқы орденімен марапатталған. Отбасылымын 2 ұл 1 қыз тәрбилеуде.