Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне сәйкес, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: (5-і электрондық (толық автоматтандырылған), 12-і электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз, 1-уі қағаз/электронды, 1-уі қағаз түрінде.
Денсаулық сақтау саласына қарасты 19 мемлекеттік көрсетілетін кызметтің ішінде:
- Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде 12 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту
2) Дәрігердің қабылдауына жазылу
3) Дәрігерді үйге шақыру
4) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру (№027/е анықтамасы)
5) Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу
6) Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру (№069/е анықтамасы)
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар (емханалар)
7) Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру
8) Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру (№№036/е, 037/е, 038/е анықтамалары)
9) Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру
10) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық ұйымдар
11) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсететін ұйымдар
12) Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру
Қызмет беруші: Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
- Электрондық (толық автоматтандырылған) 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
13) Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру (№073/е анықтамасы)
14) Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу (№075/е анықтамасы)
15) «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
16) «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
17) «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
- Қағаз түрінде/электронды 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
18) Жедел медициналық көмек шақырту
Қызмет беруші: Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы
- Қағаз түрінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
19) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау
Қызмет беруші: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
Жеке тұлғаларға 19 мемлекеттік қызметтің 17-сі тегін көрсетілсе, 1-уі ақылы (Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру), 1-уі ақылы/тегін 18 жасқа дейінгі балаларға бекітілген жері бойынша (Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу).
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында 19 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген қағидалары орналасқан.
Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/activities/services?lang=kk
№027/е анықтамасын (МСАК көрсететін медициналық ұйымнан анықтама), №№036/е, 037/е, 038/е анықтамаларын (Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама), №069/е анықтамасын (Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды), №073/е анықтамасын (Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама), №075/е анықтамасын (Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер) және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын пациентке берер алдында дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады. Пациентке берілген анықтамалар egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында электронды түрі қол жетімді.