Отыншиев Мұратқали Әбзелбекұлы

Отыншиев Мұратқали Әбзелбекұлы

Бас дәрігердің емдеу  және алдын алу ісі жөнінде орынбасары

Отыншиев Мұратқали Әбзелбекұлы 1982 жылы 16-шы қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.

2000 жылы Алматы қаласына С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетине түсіп, 2007 жылы аталған жоғарғы оқу орнын дәрігер педиатр мамандығы бойынша аяқтады.

2009-2011 жылдары Алматы қалалық №7 жедел жәрдем станциясында, дәрігер педиатр және реабилитолог мамандықтарын қоса атқарды.

2011-2018 жылдар аралығында Талас ауданы орталық ауруханасына қарасты Қызыләуіт дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігермен қоса аға дәрігер қызметін қатар атқарды.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу және алдын алу ісі бойынша қызметін атқарып келеді.

Марапаттары: 2011 жылы Республикалық жастар форумында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында алғыс хатпен марапатталды.

2012 жылы «ен үздік жас маман» номинациясы бойынша облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған.