Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасы Талас ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасы көрсететін медициналық көмекті 39 000-нан астам адам алуда (ТХТ ).
Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасында барлығы 214 төсек қоры бар, соның ішінде: 131 тәуліктік төсегімен (бұның ішінде аурухана ішілік реабилитация - 10 төсек (7 төсек тәуліктік реабилитация, 3 төсек күндізгі реабилитация) және аурухана ішілік паллиативті көмек - 4 төсек,оның ішінде 1 төсек орын балаларға арналған), аурухана ішілік күндізгі стационар - 28 төсек орын, емхана бойынша күндізгі стационар 55 төсек орнымен ( бұның ішінде күндізгі стационар емхана ішілік реабилитация - 3 төсек, паллиативті көмек 1- төсек), аусымына 620 қабылдау қуатымен қамтамасыз етілген.
Аудан тұрғындарына 9-дәрігерлік амбулатория, 4-ФАП, 13-МП қызмет көрсетеді. Аудандық емхана - аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік үлгіде салынған. 2016 жылдың 26 қарашасынан бастап жұмыс жасауда. Құрылыс жұмысын ТОО «Корпорация жилстрой Тараз» жүргізді.
Ауылдық округтердегі амбулаториялар мен Фельдшерлік акушерлік пункт, медициналық пункт телефон нүктесімен толығымен қамтылған, компьютер техникасымен жабдықталған және ғаламторға толығымен қосылған.
Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының миссиясы: Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының әрбір пациентіне қамқорлық жасай отырып, денсаулық пен әл-ауқатқа үміт сыйлау.
Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының мақсаты:Халықаралық стандарттар деңгейінде ауруларды диагностикалау мен емдеудің ұтымды нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу негізінде, халыққа сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек, әлеуметтік-психологиялық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсету.
ШЖҚ КМК «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасы»
бас дәрігері : Исаков Алмас Еркимбекович
Мекен-жай: Қаратау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 19.
Телефон: 8 (72644) 6-25-60, факс 8 (72644) 6-24-30
Эл.пошта: glav.crbtalas@yandex.kz
Подробнее
250+
келу ауысымға
39000+
бекітілген халық саны
60+
білікті дәрігерлер
