Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестерінің мүшелерін іріктеуге конкурс жариялайды
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестерінің мүшелерін іріктеуге конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, 331 кабинет.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, №2 үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Жамбыл облысы бойынша арнайы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, стационарлық, консультациялық-диагностикалық, бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету арқылы науқастарға медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080015, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі, № 278 үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Жамбыл облысы бойынша туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және емдеу іс-шараларын жүргізу
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әль-Фараби көшесі, №2В үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Тараз қаласы бойынша стационарлық, консультациялық-диагностикалық, бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету арқылы науқастарға медициналық қызмет көрсету.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әль-Фараби көшесі, №2В үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Тараз қаласы бойынша акушерлік, гинекологиялық және неонаталогиялық көмек қажеттілігін қанағаттандыру мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080200, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №94
.Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
аудан тұрғындарына емдік-профилактикалық, стационарлық, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080800, Талас ауданы Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, №19.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
аудан тұрғындарына емдік-профилактикалық, стационарлық, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Еңбек Кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) «_________________ – мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «____________ дейін ашуға болмайды» (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн: жарияланған күн.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331 кабинет.
Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсыну мерзімдері аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Конкурсқа қатысушылар кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Бос орындар (вакансия)