Талас аудандық орталық аурухана тұрғындарға стационарлық, стационар алмастырушы, бастапқы медициналық санитарлық, амбулаториялық көмек көрсетеді.
Аудан тұрғындарына медициналық емдеу-алдын алу көмегін Аудандық орталық ауруханасында барлығы 215 төсек қорымен, соның ішінде: 130 тәуліктік төсегімен, аурухана ішілік күндізгі стационар – 30 төсек орын. емхана бойынша күндізгі стационар 55 төсек орынымен, БМҚК аусымына 620 қабылдау қуатымен, 7-дәрігерлік амбулатория, 6-ФАП, 13-МП қызмет көрсетеді.
Аудандық емхана – аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік аудандық емхана құрылысы 2016 жылдың 26 қараша айынан бастап жұмыс жасауға берілді . Құрылыс жұмысын ТОО «Корпорация жилстрой Тараз» жүргізді.
Ауыл округтарындағы амбулаториялар мен ФАП, МП телефон желісімен толығымен қамтылған. Аудандағы барлық 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП толығымен компьютер техникасымен жабдықталған және ғаламторға толығымен қосылған. Елді мекендердегі 9- амбулатория толық санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген. Аудандық аурухана дәрі-дәрмектермен 100% республикалық бюджеттен қамтамасыз етілуде.
Миссия:
Халықтың денсаулығын, өмірін, жұмысқа қабілеттілігін, ұзақ өмір сүруін сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыратын медициналық көмек көрсету, кәсібилікті ұштастыру, заманауи медициналық технологияларды, этиканы қолдану, адамдардың санитарлық-гигиеналық білімін арттыру, медицинадан емдік-профилактикалық қызметке көшу негізінде жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету жолымен Талас ауданының адами әлеуетін нығайту.
Бас дәрігер : Имаммырзаев Есмахан Ауесбекович
Медициналық ұйымның толық атауы: Жамбыл облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Талас аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік камуналдық кәсіп орны.
Ұйым денгейі: Аудандық
Заңды мекен-жайы: Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы, Б.Момышулы көшесі 19 үй
Электронды поштасы: glav.crb_talas@mail.ru