ДА Үшарал

Үшарал дәрігерлік амбулаториясы

Үшарал дәрігерлік амбулаториясы Талас аудан орталығынан  140 шақырым жердегі  Үшарал ауылы, Шығыс көшесінде орналасқан. Үшарал дәрігерлік амбулаториясы 2006 жылы қолданысқа берілген. Ауылда (райстат б/ша) 2010 тұрғын  шоғырланған.

 

Үшарал дәрігерлік амбулаториясы медициналық жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. Жылыту жүйесі автономды қатты отын (көмір). Үшарал дәрігерлік амбулаториясы бір ауысымдағы тұрғындарды қабылдау қуаты– 45.

 

Үшарал дәрігерлік амбулаториясында  барлығы 19 қызметкер бар; олардың ішінде,  2 дәрігер, 1 акушерка, 8 медбике, 3 фельдшер,1 әлеуметтік қызметкер, 2 кішібике, 1 көлік жүргізушісі, 3 қарауыл, 3 от жағушы  жұмыс атқарады.