Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті
Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті.
Осы мәселе бойынша “AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гульдара Нурумова жұмыс сапарымен ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА медицина қызметкерлерімен кездесті.
Бұл кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің Парламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өзгерістер туралы жиналғандар өздерінің пікірлерін білдірді. Соның ішінде Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлі туралы айтылды. Отырысқа қатысушылар дауыс беру қорытындысы елдегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсер етеді деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, депутат дәрігерлермен медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.