Қазақстан бойынша онкологияға қарсы онкүндік басталады
Қазақстан бойынша онкологияға қарсы онкүндік басталады.
Обырға қарсы дүниежүзілік күрес күні аясында және онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында 1-10 ақпан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған онкүндік өтеді.
Онкүндік мақсаты — онкопатология ауыртпалығын төмендету жөніндегі жаһандық мәселеге қоғамның назарын аударту, медицина қызметкерлерінің онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтауға қатысты білімін арттыру, халықты скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.
Онкология денсаулық сақтау саласында айтулы орынға ие. Сол себептен болар, еліміздегі емханаларда жасалынатын 11 скринингтің алтауы – қатерлі ісіктің әртүрлі ауруларын анықтауға бағытталған.