🔰 ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ- ОҚЫТУ ТУРЫ.

Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының  денсаулық сақтау өкілдерінің өз тәжірибесіне Жамбыл облысының «Үздік тәжірибелер орталықтарының» моделін енгізу бойынша оқыту туры ТАЛАС АУДАНЫНДА жалғасын тапты.

17 адамнан тұратын дәрігерлер тобы ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ жұмысымен танысты. 

Ең бірінші , аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Ауесбекұлы сөз алып, қонақтарды қарсы алды, содан соң, емхана меңгерушісі Гульнара Каленова атқарылған жұмыстар жайлы баяндама оқып,  ҮТО, Есейхан дәрігерлік амбулаториясы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, «Емхана пациент көзімен», невропатолог дәрігер Нұрдаулет Пашаев  » Ми қан айналымының жедел бұзылуы»( ОНМК) жайлы жоба бойынша негізгі көрсеткіштер мен қорытындыны баяндап, әлеуметтік қызметкер….. Гүлнар өз жұмысы бойынша ақпараттандыру- таныстыру жұмыстарын жасады.

Баяндамалар біткен соң, аурухана басшылығы келген қонақтардың қызығушылығын тудырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Семинардан соң, емхананың бірінші қабатындағы әйелдер мен ерлерге арналған тексеру кабинеттері, скринингтік тексеру кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, отбасын жоспарлау кабинеті, ресурстық кабинет, балаларды дамыту кабинеті, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинет және жастар денсаулық орталығы,екінші қабаттағы 2 отбасылық медицина бөлімдері, татуласу кабинеті, патронажды медбикелер кабинеті, ана мен бала бөлмесі, 3- қабаттағы Қоғамдық мониторинг және тұрғындармен кері байланыс орнату механизмі комитетінің жұмысы көрсетілді.

Келген қонақтар орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, қонақжайлылық үшін алғысын білдірді.