АУДАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТАМДЫ АУЫЛЫНДА
АУДАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТАМДЫ АУЫЛЫНДА.
 
Ауылдағы ағайынның денсаулығы сыр берсе, «бір-екі күннен кейін жазылып кетер» деп жайбарақат жүретіні жасырын емес. Жаны көзіне көрінгенде ғана дәрігерге көрінуге асығатыны рас. 
 
Бұл ретте шалғай ауылдарға профильді мамандардың баруының пайдасы зор. Шалғайдағы жұртшылық қашанда кәсіби әрі білікті дәрігерлерге мұқтаж. Ауыл тұрғындарының ақ желеңділер қабылдауына бару үшін ұзақ жолды еңсеруіне тура келеді.
 
2023 жылдан бастап, аудандық дәрігерлер аптасына 1 рет ауылдарға іс- сапармен баруды жоспарлауда. Бірінші іс- сапар Тамды ауылынан басталды.
 
Дәрігерлердің ішінде хирург, офтальмолог, гинеколог, кардиолог, невропатолог, эндокринолог , стоматолог сынды профильді мамандар бар.
 
Бұл қабылдаулардың мақсаты – аурулардың санын азайту және олардың алдын алу. 
 
Тамды ауылында барлығы 388 адам қаралды. Оның ішінде : стоматолог – 166, хирург -50, эндокринолог – 42, гинеколог -32, невропатолог- 29, кардиолог -14 адамды қабылдады.