Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті
Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті.
 Осы мәселе бойынша “AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гульдара Нурумова жұмыс сапарымен ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА медицина қызметкерлерімен кездесті.
 
Бұл кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Парла­мент­тің рөлін арттыру, Үкіметтің Пар­ламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өз­герістер туралы жиналғандар өздері­нің пікірлерін білдірді. Соның ішін­де Жаңа Қазақстанды құрудағы рефе­рен­думның рөлі туралы айтылды. Оты­рысқа қатысушылар дауыс беру қоры­тындысы елдегі қоғамдық-саяси жағ­дайға оң әсер етеді деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, депутат дәрігерлермен медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.