Ең үздік Аймақтық медбикесі

ТАОА «Ең үздік Аймақтық медбикесі» байқауы өткізілді.Бұл байқауға емхананың ең үздік 7 медбикелері жиналды. Аталған шара дүние жүзілік медбикелер күніне орайластырылған.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Біліктілік білімін анықтауға арналған тест.
2 кезең. Практикалық дағдыларды көрсету, ситуациялық міндеттерді шешу. (шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету )
3 кезең . НҚА ( нормативтік – құқықтық актілер) білімін тексеру .

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1.Орта медициналық персоналдың жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін анықтау.
2. Шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін анықтау .
3.Орта медициналық персоналдың шығармашылық әлеуетін жандандыру
4. «Медбике»мамандығының беделін арттыру.

Байқау қорытындылары :

1- орын Абуова Салтанат
2 – орын – Олжабаева Бижан,
3 орын- Ибрагимова Фарида,
4 орын- Каденова Айнура.

Байқау қорытындылары бойынша, 1- орын иегері “PRIMARY HEALTH CARE” ҰЛТТЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ «Абзал жан» орденімен, 2-3-4 орын иегерлері ассоциацияның ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН марапатталады