Х А Б А Р Л А М А
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V заңының 8-бабы, 5-тармағы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 ақпандағы №21 бұйрығы негізінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында  2025 жылдың 26 мамырынан бастап 30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатынын хабарлайды.
Өзіңізге белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәліметтер болса, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты alibekovaelya@mail.ru электрондық поштаға немесе 87712329366 ұялы телефон, уатсап мессенжері арқылы  жіберуді сұраймыз , құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.