🔰 Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды
🔹Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде апталық іс-шаралар бастау алды. Биыл бұл маңызды мереке 14 қыркүйекке сәйкес келіп отыр.
🔹Апта бойы ұйымдастырылатын мәдени, білім беру және әлеуметтік бағыттағы түрлі іс-шаралар отбасы институтын нығайтуға, ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
🔹Отбасы – қоғамның негізгі ұясы, тұлғаның қалыптасу ошағы. Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі – отбасы институтын қолдау мен қорғау.
🔹Осы мақсатта жыл сайын өткізілетін Отбасы күні қоғамда отбасылық құндылықтарға деген құрметті арттыруға, ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етед