Дүниежүзілік бала емізу апталығы

Жыл сайын 1 – 7 тамыз аралығында бүкіл әлемде ана сүтін еметін балалардың денсаулықтарын нығайту үшін, емшек емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік бала емізу апталығы өткізіледі. Бұл апта 1990 жылдың тамыз айында елдердің үкіметтерінің, ДДҰ, ЮНИСЕФ және басқа да ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қол қойған емшек емізуді ынталандыру және қолдау туралы Инночентиялық декларацияның құрметіне орай бектілген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы өмірінің алғашқы алты айында емшекпен емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүті мен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады.

Емшек емізудің пайдасы қандай?

– Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде – ішек инфекцияларынан қорғайды.

– ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;

– баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;

– балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;

– емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;

– емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.

Емізудің мұндай тәсілі балалар үшін пайдасынан басқа, ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.

Аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) немесе жұқпалы аурулар – бұл жұқпалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын аурулар

Олар кенеттен пайда болады және тез таралады, ауыр клиникалық көрініспен және өлімнің жоғары дәрежесімен сипатталады. Аса қауіпті инфекцияларға екі сипаттамаға сәйкес келетін адамның жіті жұқпалы ауруларының шартты тобы жатады: – кенет, тез және жаппай таралуы мүмкін; – ауыр өтеді және өлім деңгейі жоғары. Оның ішінде сібір жарасы, туляремия, Конго – Кырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, құтыру, листериоз, лептоспироз, бруцеллез сияқты аурулар бар.

Алдын алу Бүкіл мемлекет бойынша аурулардың таралуын болдырмау үшін АҚИ профилактикасы жоғары деңгейде жүргізіледі.

Алғашқы профилактикалық шаралар кешеніне мыналар кіреді: жұқтырғандарды одан әрі госпитализациялаумен уақытша оқшаулау; диагностика, кеңес шақыру; анамнез жинау; науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету; зертханалық зерттеулер үшін сынама материалы; байланыстағы тұлғаларды анықтау, оларды тіркеу; байланыста болған адамдарды олардың инфекциясы жойылғанға дейін уақытша оқшаулау; ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны жүргізу.

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар аураханасының бас дәрігері Е.А.Сауранбаев бастаған мамандар ТАОА ұжымына арнайы семинар өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

АУДАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚАСҚАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА

Талас аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақты аралап, дәрігерлік кеңестерін беруді жалғастыруда.

Ауыл тұрғындары денсаулық жағдайын тексертуге қалаға, аудан орталығына сабылмай тұрғылықты жерінде қаралуға мүмкіндік алды. 

Кардиолог, балалар невропатологы, хирург-ортопед, стоматолог сынды мамандармен жасақталған құрам Талас ауданына қарасты  Қасқабұлақ  ФАП – та болып, 100- ден  аса тұрғынның хал-жағдайын тексеріп, консультациялық көмек көрсеткен. Бұндай шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 

ҚАСҚАБҰЛАҚ ФАП- та барлық адам саны – 880, Жүкті әйел – 5, бір жасқа толмағандар 14, жаасөспірімдер -14. Бұл ФАП  БЕКЖАН МЫРЗАГУЛОВ жетекшілік ететін ЕСЕЙХАН ДА қарайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Талас ауданында 1 орталық аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік және 13 медициналық пункт қызмет атқаруда.

🔰 ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, облыстық емдеу мекемелерінің қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өткізілді.
 
Талас аудандық ауруханасының командасы » Арқан тарту» ойыны бойынша жүлделі I орынға ие болды.
 
Әріптестерімізді құттықтаймыз!

🔰МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек.
 
Абай облысында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты медицина қызметкері күніне арналған іс- шараларды өткізу басқа уақытқа қалдырылды. Сол себептен , медициналық қызметкерлерді марапаттау қарапайым түрде өткізілді.
 
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қолдауымен, қызметкерлерге сыйлықтар табысталса, «АМАНАТ» партиясы атынан мадақтамалар берілді.

🔰 ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ- ОҚЫТУ ТУРЫ.

Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының  денсаулық сақтау өкілдерінің өз тәжірибесіне Жамбыл облысының «Үздік тәжірибелер орталықтарының» моделін енгізу бойынша оқыту туры ТАЛАС АУДАНЫНДА жалғасын тапты.

17 адамнан тұратын дәрігерлер тобы ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ жұмысымен танысты. 

Ең бірінші , аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Ауесбекұлы сөз алып, қонақтарды қарсы алды, содан соң, емхана меңгерушісі Гульнара Каленова атқарылған жұмыстар жайлы баяндама оқып,  ҮТО, Есейхан дәрігерлік амбулаториясы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, «Емхана пациент көзімен», невропатолог дәрігер Нұрдаулет Пашаев  » Ми қан айналымының жедел бұзылуы»( ОНМК) жайлы жоба бойынша негізгі көрсеткіштер мен қорытындыны баяндап, әлеуметтік қызметкер….. Гүлнар өз жұмысы бойынша ақпараттандыру- таныстыру жұмыстарын жасады.

Баяндамалар біткен соң, аурухана басшылығы келген қонақтардың қызығушылығын тудырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Семинардан соң, емхананың бірінші қабатындағы әйелдер мен ерлерге арналған тексеру кабинеттері, скринингтік тексеру кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, отбасын жоспарлау кабинеті, ресурстық кабинет, балаларды дамыту кабинеті, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинет және жастар денсаулық орталығы,екінші қабаттағы 2 отбасылық медицина бөлімдері, татуласу кабинеті, патронажды медбикелер кабинеті, ана мен бала бөлмесі, 3- қабаттағы Қоғамдық мониторинг және тұрғындармен кері байланыс орнату механизмі комитетінің жұмысы көрсетілді.

Келген қонақтар орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, қонақжайлылық үшін алғысын білдірді.

КОНГО ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ (КҚГҚ)

Бұл аса қауіпті инфекция. КҚГҚ-мен ауырған адамдардың 40%-ы қайтыс болады. КҚГҚ вакцинасы жоқ!

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады?
кене шаққанда;
кенені жалаң қолмен езу – жаншу;
жануарларды сою, бөлшектеу кезінде;
індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.

Конго Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері?

дене қызуы көтерілу;
бас, буын және бел ауыру;
мұрын, тістің қызыл еттен қан кету;
денеде қан бөртпелері байқалады.

КҚГҚ кезіндегі алдын алу шаралары.
серуендеу кезінде әр 2-3 сағат сайын денені қарау;
сіздің қолыңызды және аяқтарыңызды тығыз жабатын киім кию;
кенелерді үркітетін репеллентті аэрозольдерді қолдану;
кенелерді улайтын акарицидті аэрозольдерді қолдану;
кенені алып тастау кезінде қолғап кию;
жануарларды сою және оларды күту кезінде қолғаптар мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану.
МАҢЫЗДЫ! Егер де сізді кене шаққан болса медициналық мекемелерге міндетті түрде хабарлаңыз.

“PRIMARY HEALTH CARE”

ТАЛАС АУДАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНДА СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ БАЗАСЫНДА ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАРДА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША ОҚЫТУЛАР ,БАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ, ТРАХЕОСТОМИЯ ӨТКІЗІЛЕДІ.
 
2022 жылы МЕДИЦИНАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ашылған болатын. ҮТЖ жұмысына сәйкес, дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың біліктілігін арттыру мақсатында, жұмыс орнында тақырыптық симуляциялық курстар өткізу үшін жеке оқу орталығы құрылды .
 
Бұл орталық практикалық дағдыларды игеруге болатын кішкентай баланың және ересек адамның муляждарымен жабдықталған.
 
Симуляциялық-тренингтік орталық келесі мәселелерді шешуге көмектеседі: 
медициналық көмектің сапасын жақсарту = пациенттердің қауіпсіздігін жақсарту = пациенттердегі асқынуларды азайту.
 
Айта кетсек, ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫН ДСМ АЖАР ГИНИЯТ және “PRIMARY HEALTH CARE” ҰЛТТЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОЛЕБАЙ РАХЫПБЕКОВ ашқан болатын.

«Дені сау ұлт»

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНЛА АУДАНЫМЫЗДЫҢ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРІ АУДАН АУЫЛДАРЫНА БАРДЫ.
 
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА қызмет етіп жүрген бір топ білікті дәрігерлер 2023 жылдың 1- тоқсанында ТАЛАС ауданына қарасты 7 дәрігерлік амбулаторияларда болды. 
 
Дәрігерлер  ауыл тұрғындарымен жүздесіп, медициналық көмек көрсетті. 
 
Олар тұрғындардың хал-жағ­дайын тек­серіп, консульта­ция берді. Ауыл халқы маман дәрігерлерді із­деп қалаға сабыл­май, өз ауылын­да жүріп денсаулығын түзеуге мүм­­кіндік алды. Мұндай шара басқа ауылдарда да жал­ғасын табады.
ТАЛАС  ауданында халыққа 1 орталық аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік аку­шерлік пункт, 13 медициналық пункт қызмет көрсетеді.
 
Емхана меңгерушісі Гульнара Каленова бастап барған аудандық дәрігерлер бригадасының құрамында балалар, ересектер невропатологы, хирург-ортопед, кардиолог, окулист, гинеколог  мамандары бар.
Қаңтар- наурыз айларында  іс-сапар аясында мамандар 2000- нан астам адамды қабылдап, медициналық кеңес берді.