Author: vlad
АУДАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ТАМДЫ АУЫЛЫНДА
ЕСІРТКІГЕ ЕЛІГУ ЕРТЕҢІНДІ ЕЛЕСКЕ АЙНАЛДЫРАДЫ
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу , Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа баулу мақсатында ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ психиатр – нарколог кабинетінің маманы САНЖАР ҚОЙШЫМАН ҚАРАТАУ ТАУ – КЕН КОЛЛЕЖДІНДЕ танымдық іс – шараға қатысты.
MEDICAL PARK FLORYA ISTANBUL AYDIN UNIVERSITY
Облыстық көлемде медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру , диагностикалық әдістемелерді және емдеудегі жаңа инновацияларды енгізу мақсатында «MEDICAL PARK FLORYA ISTANBUL AYDIN UNIVERSITY» клиникасына біліктілігін арттыруға ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН хирург дәрігерлер жіберілген болатын.ТАЛАС АУДАНЫНАН әріптесіміз БАХЫТЖАН МЕНТАЕВ облыстың ең мықты хирург дәрігерлер делегациясының құрамында болып. СТАМБУЛ қаласына іс- сапармен жөнелтілді.Әріптесіміз өтіп жатқан барлық күрделі оталарға қатысып, жамбас, тізе буыны протезі, балтыр сүйегіне жабық түрде остеосинтез жасау, одан басқа бауыр, бүйрек трансплантациясы сынды оталарға өз үлесін қосты.Сонымен қатар, клиниканың ішкі жұмысы, ережелері, жұмыс істеу тәртібімен танысып, тәжірибе алмасты.
22.11.2022 ж Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Имаммырзаев Е. А
22.11.2022 ж Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Имаммырзаев Е. А, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Отыншиев М. А. және Қоғамдық Мониторинг, Ақпарат тарату және тұрғындармен кері байланыс орнату бойынша механизмді енгізі (МИОМОС) жобасы аясында құрылған Халық Кеңесінің белсенді мүшесі, Талас ауданының құрметті ардагері Тоқтыбаев Базылхан Журчибайұлы емхана медициналық қызметкерлері мен науқастардың қажеттіліктерін анықтау жұмысын жүргізді. Медициналық көмектің тиімді жолдары, жұмыс барысындағы сұрақтар кеңінен талқыланды.
Талас ауданында бұл мәселе қалай жолға қойылған? Талас ауданындағы ауылдық елді мекендерде қандай жұмыстар жүргізілуде?
Бұл туралы Талас аудандық орталық ауруханасы бас дәрігері Имаммырзаев Есмахан Әуесбекұлы айтып береді.
Емхана кіреберісінде орналасқан Пациенттерді қолдау қызметі, Call-орталық, Тіркеу бөлімімен таныстыру
Бұл қызметтердің жұмысы және МИОМОС енгізілуі, EGOV арқылы интеграция, пациенттер мен медициналық ұйым арасындағы байланысты жақсартуға және ведомствоаралық байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Кешенді қызметтер, ақпараттық жүйелерді біріктіру, оның ішінде бірыңғай басқару жүйесін құру, бірыңғай АТ-инфрақұрылымы және EGOV-пен байланыс біздің пациенттерге бір ақпараттық терезеде барлық сұрақтарға жауап алуға көмектесті.
3. 1 – қабатта орналасқан ҮТО жұмысымен таныстыру: тіркеу бөлімі, дәрігерге дейінгі кабинет, отбасын жоспарлау кабинеті, ресурстық кабинет, балаларды дамыту кабинеті, халыққа жедел медициналық көмек көрсетуді үйрету кабинеті, дәріхана, скринингтік кабинет, салауатты өмір салты, жастар орталығы.
4. 2 – қабатта орналасқан ҮТО жұмысымен таныстыру: жанұялық дәрігерлік кабинет, жанұялық медбикелер кабинеті, психолог кабинеті, патронаждық медбикелер кабинеті, Татуласу кабинеті, ана мен бала бөлмесі.
5. 3 – қабатта орналасқан ҮТО жұмысымен таныстыру: АББ кабинеті, әлеуметтік қызметкерлер кабинеті, мәжіліс залы.
6. Аудан активімен, аудан тұрғындарымен, медицина қызметкерлерімен кездесу.
Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті
Ең үздік Аймақтық медбикесі
ТАОА «Ең үздік Аймақтық медбикесі» байқауы өткізілді.Бұл байқауға емхананың ең үздік 7 медбикелері жиналды. Аталған шара дүние жүзілік медбикелер күніне орайластырылған.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Біліктілік білімін анықтауға арналған тест.
2 кезең. Практикалық дағдыларды көрсету, ситуациялық міндеттерді шешу. (шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету )
3 кезең . НҚА ( нормативтік – құқықтық актілер) білімін тексеру .
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1.Орта медициналық персоналдың жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін анықтау.
2. Шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін анықтау .
3.Орта медициналық персоналдың шығармашылық әлеуетін жандандыру
4. «Медбике»мамандығының беделін арттыру.
Байқау қорытындылары :
1- орын Абуова Салтанат
2 – орын – Олжабаева Бижан,
3 орын- Ибрагимова Фарида,
4 орын- Каденова Айнура.
Байқау қорытындылары бойынша, 1- орын иегері “PRIMARY HEALTH CARE” ҰЛТТЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ «Абзал жан» орденімен, 2-3-4 орын иегерлері ассоциацияның ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН марапатталады