ШЖҚ МКК «Талас аудандық орталақ ауруханасы» Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі

Егер Сіз:
-Медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз:
-Медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
-Тегін медициналық көмектің кепілдігі берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтері үшін медицина қызметкерінің қаржылай талап ету фактілерімен кездессеңіз;
-Медициналық көмек көрсету тәртібінің немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз:
Сіз жүгіне аласыз…
– Талас аудандық орталық ауруханасының «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау» қызметіне, мекен-жайы: Талас ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі 19. Байланыс телефоны: 8 (72644) 6-25-60, сенім телефоны – 8 (72644) 6-12-82. Call-орталығы «1302» ұялы операторлар байланысы 8-800-0804821
– ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНА, Мекен – жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй. Байланыс телефоны:  8 (7262) 43-59-96;  
– МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНЕ, мекен-жайы:Тараз қаласы, Әбдірахман Әйтиев көшесі, 27 үй. Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-37-69; 8 747 698 53 45;
– «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ» Жамбыл облыстық жергілікті филиалына, мекен-жайы: Тараз қаласы, Д.Қонаев көшесі, 82 үй. Байланыс телефоны: 1406, 8 (7262) 99-94-07; 
 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешіміне сай, 04.10.2019 жылы №160-н бұйрығы негізінде,  Талас аудандық орталық ауруханасына – «Ұлттық аккредитациялау куәлігі» беріліп, екінші санаты тағайындала отырып, 3 жыл мерзімге «АККРЕДИТТЕЛГЕН» деп танылды.
«Талас аудандық орталық ауруханасының» әкімшілігі

«Үздік тәжірибелер орталығы» жұмыс істеуде

Талас аудандық ауруханасында Еуропалық талаптарға сай «Үздік тәжірибелер орталығы» жұмыс істеуде. 
 
Орталык 2022 жылдың маусым айында ашылған. Орталықтың негізгі максаты – тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетудің жаңа әдісін ұсыну. 
 
Орталық «Рrimary health care» Ұлттык Ассоциацияның қолдауымен ашылған. 
 
“Үздік тәжірибелер орталығының” жаңалықтарымен танысу мақсатында  Жамбыл облысына келген Ұлттык Ассоциацияның Президенті Толебай Косиябекович Рахыпбековтың жұмысы Талас ауданынан бастау алды.
 
Жұмыс барысы аудандық әкімдіктен басталды. Аудан әкімі Нурбол Жүнісбеков жане аудандық спорт бөлімінің басшысы Ерназар Тоқсанбаев және аудандық білім бөлімімен  бірігіп, алдағы жасалатын жұмыстар талқыланды. Атап айтқанда, «Дені сау қала» («Здоровый город») , «One health» , «Балаға мейірімділікпен қарайтын мектеп» атты жобалардың жоспарлары жасалды.

Дүниежүзілік бала емізу апталығы

Жыл сайын 1 – 7 тамыз аралығында бүкіл әлемде ана сүтін еметін балалардың денсаулықтарын нығайту үшін, емшек емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік бала емізу апталығы өткізіледі. Бұл апта 1990 жылдың тамыз айында елдердің үкіметтерінің, ДДҰ, ЮНИСЕФ және басқа да ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қол қойған емшек емізуді ынталандыру және қолдау туралы Инночентиялық декларацияның құрметіне орай бектілген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы өмірінің алғашқы алты айында емшекпен емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүті мен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады.

Емшек емізудің пайдасы қандай?

– Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде – ішек инфекцияларынан қорғайды.

– ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;

– баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;

– балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;

– емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;

– емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.

Емізудің мұндай тәсілі балалар үшін пайдасынан басқа, ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.

Аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) немесе жұқпалы аурулар – бұл жұқпалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталатын аурулар

Олар кенеттен пайда болады және тез таралады, ауыр клиникалық көрініспен және өлімнің жоғары дәрежесімен сипатталады. Аса қауіпті инфекцияларға екі сипаттамаға сәйкес келетін адамның жіті жұқпалы ауруларының шартты тобы жатады: – кенет, тез және жаппай таралуы мүмкін; – ауыр өтеді және өлім деңгейі жоғары. Оның ішінде сібір жарасы, туляремия, Конго – Кырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, құтыру, листериоз, лептоспироз, бруцеллез сияқты аурулар бар.

Алдын алу Бүкіл мемлекет бойынша аурулардың таралуын болдырмау үшін АҚИ профилактикасы жоғары деңгейде жүргізіледі.

Алғашқы профилактикалық шаралар кешеніне мыналар кіреді: жұқтырғандарды одан әрі госпитализациялаумен уақытша оқшаулау; диагностика, кеңес шақыру; анамнез жинау; науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету; зертханалық зерттеулер үшін сынама материалы; байланыстағы тұлғаларды анықтау, оларды тіркеу; байланыста болған адамдарды олардың инфекциясы жойылғанға дейін уақытша оқшаулау; ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны жүргізу.

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар аураханасының бас дәрігері Е.А.Сауранбаев бастаған мамандар ТАОА ұжымына арнайы семинар өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

АУДАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚАСҚАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА

Талас аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақты аралап, дәрігерлік кеңестерін беруді жалғастыруда.

Ауыл тұрғындары денсаулық жағдайын тексертуге қалаға, аудан орталығына сабылмай тұрғылықты жерінде қаралуға мүмкіндік алды. 

Кардиолог, балалар невропатологы, хирург-ортопед, стоматолог сынды мамандармен жасақталған құрам Талас ауданына қарасты  Қасқабұлақ  ФАП – та болып, 100- ден  аса тұрғынның хал-жағдайын тексеріп, консультациялық көмек көрсеткен. Бұндай шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 

ҚАСҚАБҰЛАҚ ФАП- та барлық адам саны – 880, Жүкті әйел – 5, бір жасқа толмағандар 14, жаасөспірімдер -14. Бұл ФАП  БЕКЖАН МЫРЗАГУЛОВ жетекшілік ететін ЕСЕЙХАН ДА қарайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Талас ауданында 1 орталық аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік және 13 медициналық пункт қызмет атқаруда.

🔰 ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, облыстық емдеу мекемелерінің қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өткізілді.
 
Талас аудандық ауруханасының командасы » Арқан тарту» ойыны бойынша жүлделі I орынға ие болды.
 
Әріптестерімізді құттықтаймыз!

🔰МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек.
 
Абай облысында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты медицина қызметкері күніне арналған іс- шараларды өткізу басқа уақытқа қалдырылды. Сол себептен , медициналық қызметкерлерді марапаттау қарапайым түрде өткізілді.
 
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қолдауымен, қызметкерлерге сыйлықтар табысталса, «АМАНАТ» партиясы атынан мадақтамалар берілді.

🔰 ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ- ОҚЫТУ ТУРЫ.

Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының  денсаулық сақтау өкілдерінің өз тәжірибесіне Жамбыл облысының «Үздік тәжірибелер орталықтарының» моделін енгізу бойынша оқыту туры ТАЛАС АУДАНЫНДА жалғасын тапты.

17 адамнан тұратын дәрігерлер тобы ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ жұмысымен танысты. 

Ең бірінші , аудандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Ауесбекұлы сөз алып, қонақтарды қарсы алды, содан соң, емхана меңгерушісі Гульнара Каленова атқарылған жұмыстар жайлы баяндама оқып,  ҮТО, Есейхан дәрігерлік амбулаториясы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, «Емхана пациент көзімен», невропатолог дәрігер Нұрдаулет Пашаев  » Ми қан айналымының жедел бұзылуы»( ОНМК) жайлы жоба бойынша негізгі көрсеткіштер мен қорытындыны баяндап, әлеуметтік қызметкер….. Гүлнар өз жұмысы бойынша ақпараттандыру- таныстыру жұмыстарын жасады.

Баяндамалар біткен соң, аурухана басшылығы келген қонақтардың қызығушылығын тудырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Семинардан соң, емхананың бірінші қабатындағы әйелдер мен ерлерге арналған тексеру кабинеттері, скринингтік тексеру кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, отбасын жоспарлау кабинеті, ресурстық кабинет, балаларды дамыту кабинеті, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинет және жастар денсаулық орталығы,екінші қабаттағы 2 отбасылық медицина бөлімдері, татуласу кабинеті, патронажды медбикелер кабинеті, ана мен бала бөлмесі, 3- қабаттағы Қоғамдық мониторинг және тұрғындармен кері байланыс орнату механизмі комитетінің жұмысы көрсетілді.

Келген қонақтар орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, қонақжайлылық үшін алғысын білдірді.

КОНГО ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ (КҚГҚ)

Бұл аса қауіпті инфекция. КҚГҚ-мен ауырған адамдардың 40%-ы қайтыс болады. КҚГҚ вакцинасы жоқ!

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады?
кене шаққанда;
кенені жалаң қолмен езу – жаншу;
жануарларды сою, бөлшектеу кезінде;
індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.

Конго Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері?

дене қызуы көтерілу;
бас, буын және бел ауыру;
мұрын, тістің қызыл еттен қан кету;
денеде қан бөртпелері байқалады.

КҚГҚ кезіндегі алдын алу шаралары.
серуендеу кезінде әр 2-3 сағат сайын денені қарау;
сіздің қолыңызды және аяқтарыңызды тығыз жабатын киім кию;
кенелерді үркітетін репеллентті аэрозольдерді қолдану;
кенелерді улайтын акарицидті аэрозольдерді қолдану;
кенені алып тастау кезінде қолғап кию;
жануарларды сою және оларды күту кезінде қолғаптар мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану.
МАҢЫЗДЫ! Егер де сізді кене шаққан болса медициналық мекемелерге міндетті түрде хабарлаңыз.

Page 1 of 3
1 2 3