22.11.2022 ж Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Имаммырзаев Е. А

22.11.2022 ж Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Имаммырзаев Е. А, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Отыншиев М. А. және Қоғамдық Мониторинг, Ақпарат тарату және тұрғындармен кері байланыс орнату бойынша механизмді енгізі (МИОМОС) жобасы аясында құрылған Халық Кеңесінің белсенді мүшесі, Талас ауданының құрметті ардагері Тоқтыбаев Базылхан Журчибайұлы емхана медициналық қызметкерлері мен науқастардың қажеттіліктерін анықтау жұмысын жүргізді. Медициналық көмектің тиімді жолдары, жұмыс барысындағы сұрақтар кеңінен талқыланды.

Талас ауданында бұл мәселе қалай жолға қойылған? Талас ауданындағы ауылдық елді мекендерде қандай жұмыстар жүргізілуде?

Бұл туралы Талас аудандық орталық ауруханасы бас дәрігері Имаммырзаев Есмахан Әуесбекұлы айтып береді. 

Емхана кіреберісінде орналасқан Пациенттерді қолдау қызметі, Call-орталық, Тіркеу бөлімімен таныстыру

Бұл қызметтердің жұмысы және МИОМОС енгізілуі, EGOV арқылы интеграция, пациенттер мен медициналық ұйым арасындағы байланысты жақсартуға және ведомствоаралық байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Кешенді қызметтер, ақпараттық жүйелерді біріктіру, оның ішінде бірыңғай басқару жүйесін құру, бірыңғай АТ-инфрақұрылымы және EGOV-пен байланыс біздің пациенттерге бір ақпараттық терезеде барлық сұрақтарға жауап алуға көмектесті.

3. 1 – қабатта орналасқан ҮТО жұмысымен таныстыру: тіркеу бөлімі, дәрігерге дейінгі кабинет, отбасын жоспарлау кабинеті, ресурстық кабинет, балаларды дамыту кабинеті, халыққа жедел медициналық көмек көрсетуді үйрету кабинеті, дәріхана, скринингтік кабинет, салауатты өмір салты, жастар орталығы.

4. 2 – қабатта орналасқан ҮТО жұмысымен таныстыру: жанұялық дәрігерлік кабинет, жанұялық медбикелер кабинеті, психолог кабинеті, патронаждық медбикелер кабинеті, Татуласу кабинеті, ана мен бала бөлмесі.

5. 3 – қабатта орналасқан ҮТО жұмысымен таныстыру: АББ кабинеті, әлеуметтік қызметкерлер кабинеті, мәжіліс залы.

6. Аудан активімен, аудан тұрғындарымен, медицина қызметкерлерімен кездесу.

Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті

Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті.
 Осы мәселе бойынша “AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гульдара Нурумова жұмыс сапарымен ТАЛАС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА медицина қызметкерлерімен кездесті.
 
Бұл кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Парла­мент­тің рөлін арттыру, Үкіметтің Пар­ламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өз­герістер туралы жиналғандар өздері­нің пікірлерін білдірді. Соның ішін­де Жаңа Қазақстанды құрудағы рефе­рен­думның рөлі туралы айтылды. Оты­рысқа қатысушылар дауыс беру қоры­тындысы елдегі қоғамдық-саяси жағ­дайға оң әсер етеді деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, депутат дәрігерлермен медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Ең үздік Аймақтық медбикесі

ТАОА «Ең үздік Аймақтық медбикесі» байқауы өткізілді.Бұл байқауға емхананың ең үздік 7 медбикелері жиналды. Аталған шара дүние жүзілік медбикелер күніне орайластырылған.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Біліктілік білімін анықтауға арналған тест.
2 кезең. Практикалық дағдыларды көрсету, ситуациялық міндеттерді шешу. (шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету )
3 кезең . НҚА ( нормативтік – құқықтық актілер) білімін тексеру .

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1.Орта медициналық персоналдың жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін анықтау.
2. Шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін анықтау .
3.Орта медициналық персоналдың шығармашылық әлеуетін жандандыру
4. «Медбике»мамандығының беделін арттыру.

Байқау қорытындылары :

1- орын Абуова Салтанат
2 – орын – Олжабаева Бижан,
3 орын- Ибрагимова Фарида,
4 орын- Каденова Айнура.

Байқау қорытындылары бойынша, 1- орын иегері “PRIMARY HEALTH CARE” ҰЛТТЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ «Абзал жан» орденімен, 2-3-4 орын иегерлері ассоциацияның ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН марапатталады

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ болуға әкелетін бірден – бір жол – ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫН бақылау

“ВАРИКОЦЕЛЕ” жайлы не білеміз?
Варикоцеле – бұл аталық безді орайтын, ұрықтық түтіктің бойымен орналасқан, ұманың көктамырларының (веналарының) кеңеюі.
 
Себептері :
Варикоцеле ұрықтық түтіктің бойымен өтетін көктамырлардың (веналардың) қақпақшаларының зақымдануында пайда болады. Бұл кезде олардағы қан ағымы бұзылады. Қанның іркілуі көктамырлардың ісініп, кеңеюіне апарады (бұл аяқтағы көктамырлардың варикоздық кеңеюіне ұқсас). Варикоцеле біртіндеп, баяу дамиды. Ауру 15-25 жастағы ерлерде орын алады және ұманың сол жағында көбірек кездеседі. Егде жастағы адамда кенеттен пайда болған варикоцеле бүйректің ісігінің салдарынан көктамырға баратын қан ағымының тежелуінен болуы мүмкін.  
 
Симптомдары :
Ұманың көктамырының кеңеюі, иректелуі 
Аталық бездің ауырсынусыз ісінуі, ұманың ісінуі немесе ұмада төмпешіктің пайда болуы.
 
Мүмкін асқынулары :
Варикоцеленің асқыну – бедеулікке апару мүмкіндігі. 
Емдеу барысында пайда болатын асқынуларға жататындар: 
Аталық бездердің атрофиясы (семуі) Тромбылардың (қан ұйындыларының) қалыптасуы 
Инфекциялар 
Ұманың және жақын орналасқан қантамырлардың жарақаттары
 
ТАОА хирург дәрігері Сейлов Асылбек Зинатдинович осы өзекті мәселемен Қаратау қаласының мектептерінде ер балалар, ер мұғалімдер мен ер ата- аналармен оқу – ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Page 3 of 3
1 2 3