Ең үздік Аймақтық медбикесі

ТАОА «Ең үздік Аймақтық медбикесі» байқауы өткізілді.Бұл байқауға емхананың ең үздік 7 медбикелері жиналды. Аталған шара дүние жүзілік медбикелер күніне орайластырылған.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Біліктілік білімін анықтауға арналған тест.
2 кезең. Практикалық дағдыларды көрсету, ситуациялық міндеттерді шешу. (шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету )
3 кезең . НҚА ( нормативтік – құқықтық актілер) білімін тексеру .

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1.Орта медициналық персоналдың жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін анықтау.
2. Шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін анықтау .
3.Орта медициналық персоналдың шығармашылық әлеуетін жандандыру
4. «Медбике»мамандығының беделін арттыру.

Байқау қорытындылары :

1- орын Абуова Салтанат
2 – орын – Олжабаева Бижан,
3 орын- Ибрагимова Фарида,
4 орын- Каденова Айнура.

Байқау қорытындылары бойынша, 1- орын иегері “PRIMARY HEALTH CARE” ҰЛТТЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ «Абзал жан» орденімен, 2-3-4 орын иегерлері ассоциацияның ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН марапатталады

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ болуға әкелетін бірден – бір жол – ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫН бақылау

“ВАРИКОЦЕЛЕ” жайлы не білеміз?
Варикоцеле – бұл аталық безді орайтын, ұрықтық түтіктің бойымен орналасқан, ұманың көктамырларының (веналарының) кеңеюі.
 
Себептері :
Варикоцеле ұрықтық түтіктің бойымен өтетін көктамырлардың (веналардың) қақпақшаларының зақымдануында пайда болады. Бұл кезде олардағы қан ағымы бұзылады. Қанның іркілуі көктамырлардың ісініп, кеңеюіне апарады (бұл аяқтағы көктамырлардың варикоздық кеңеюіне ұқсас). Варикоцеле біртіндеп, баяу дамиды. Ауру 15-25 жастағы ерлерде орын алады және ұманың сол жағында көбірек кездеседі. Егде жастағы адамда кенеттен пайда болған варикоцеле бүйректің ісігінің салдарынан көктамырға баратын қан ағымының тежелуінен болуы мүмкін.  
 
Симптомдары :
Ұманың көктамырының кеңеюі, иректелуі 
Аталық бездің ауырсынусыз ісінуі, ұманың ісінуі немесе ұмада төмпешіктің пайда болуы.
 
Мүмкін асқынулары :
Варикоцеленің асқыну – бедеулікке апару мүмкіндігі. 
Емдеу барысында пайда болатын асқынуларға жататындар: 
Аталық бездердің атрофиясы (семуі) Тромбылардың (қан ұйындыларының) қалыптасуы 
Инфекциялар 
Ұманың және жақын орналасқан қантамырлардың жарақаттары
 
ТАОА хирург дәрігері Сейлов Асылбек Зинатдинович осы өзекті мәселемен Қаратау қаласының мектептерінде ер балалар, ер мұғалімдер мен ер ата- аналармен оқу – ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Page 4 of 4
1 2 3 4