Алдын-алу әлеуметтік психологиялық көмек беру бөлімі.

 

Қазақстан Республикасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Талас аудандық орталық ауруханада «Алдын-алу әлеуметтік-психологиялық көмек беру» бөлімшесі қызмет атқарады. Бөлімше жанынан «Талас» жастар денсаулық орталығы 2015 жылы құрылған. Аудан жастарының денсаулық жағдайын жақсарту және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында, Қаратау қаласының білім мекемелеріндегі 14-29 жас аралығында ауданның оқушылары мен жастарына медициналық, психологиялық, әлеуметтік  және құқықтық көмек көрсетіледі.

 

Алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық бөлімде дәрігерге дейінгі кабинет, скриниг кабинеті, акушерлік қабылдау кабинеті, ерлерді қарау кабинеті, дені сау бала кабинеті, салауатты өмір салты кабинеті, жанұяны жоспарлау кабинеті, психолог және әлеуметтік қызметкер кабинеттері бар. Алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық бөлім халыққа алдын-алу қызметтерін көрсетумен қатар, үй аралап әлеуметтік және психологиялық қызмет көрсетеді.

 

Салауатты өмір салтын насихаттау кабинеті:

 

Кабинеттің басты тапсырмасы әр-түрлі аурулардың даму қаупі факторлары мен салауатты өмір алтын насихаттау, санитарлық-гигиеналық тәртіпке бағытталған іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру болып табылады.

 

Денсаулық мектептері топтық сабақтар өткізіледі:

 

«Бронх демікпесі» мектебі,  «Инсульт» мектебі,  «Қант диабеті» мектебі,  «Жас аналар» мектебі,  «Босануға дайындық» мектебі,  «Мінез-құлық факторлары» мектебі.

 

ЖДО «Талас»:

 

Жастар денсаулық орталығы жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мен сақтауға, сенім мен жақсылық сыйлау, қолжетімді, өз еркі принципіне негізделген. Біз 14 мен 29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерге медициналық-психологиялық көмек көрсетеміз.

 

Дәрігерге дейінгі кабинет-скрининг:

 

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру — бұл ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың дамуын, қауіп факторларын, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулерді жүргізуге бағытталған кабинет

 

Әйелдерді қарау кабинеті:

 

Кабинеттің басты тапсырмасы әйелдердегі гинекологиялық, ісікалды және онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында медициналық тексеру жұмысы

 

Ерлерді қарау кабинеті

 

Кабинеттің басты атқаратын қызметі барлық ер адамдарды ісік алды және ісік ауруларының ерте даму кезеңінде анықтауға алдын-алу мақсатында тексеру болып табылады.

 

Дені сау бала кабинеті:

 

Балаға күтім жасайтын ата-аналарды оқыту, білімі мен тәжірбиесін жаңғырту, ерте жастағы балалардың денсаулығын қорғау бойынша уақытында алдын-алу сұрақтары бойынша, оқыту және кеңес беру болып табылады.

 

Әлеуметтік қызметкерлер:

 

халыққа мамандандырылған әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек алуға жәрдемдесу. Өмірде кездескен қиыншылықтарды еңсеру үшін жағдай жасау және әлеуметтік қызмет көрсету

 

Психологтың кабинеті:

 

Психолог жеке тұлғалардың психологиялық проблемаларын анықтайды, диагностика жүргізеді, әр-тірлі әдіс-тәсілдермен психологиялық тузету көмегін көсетеді:  психологиялық эмоционалдық жағдайды түзету,  жеке тұлғамен шиеленісу,  реніштермен жұмыс,  қорқыныш,  жарқаттан кейінгі синдром.

 

Жанұяны жоспарлау  кабинеті:

 

Жүктілікті жоспарлау,  климакс кезеңінде, босанғаннан кейін, жүктілік кезінде, жүктілікке дайындық кезінде әйелдерге арнайы психологиялық көмек көрсетеді. жүктілікті тоқтату үшін шешім қабылдағанда,  жалғыз басты ана болуға дайындық,  ерте ана болуға дайындық,  әр түрлі қорқыныштарды жеңуге көмек,  психологиялық жарақат,  психосоматикалық ренжу,  депрессиялық жағдай,  ұйқысыздық,  жанұядағы келеңсіздіктер.

 

Алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық бөлімнің негізігі бағыты:  халыққа алдын-алу және скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыру,  ауру түрлерін ерте анықтап табу және алдын-ала ескерту, халық денсаулығын нығайту,  халыққа психологиялық көмек және әлеуметтік қызмет көрсету, жеке және топтық тәртіптемеде психологиялық көмек және жеке тұлғаны, дигностикалауды жүргізу,  салауатты өмір салтын қалыптастыру халық денсаулығын сақтау мен нығайтуда санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу

 

Бөлімнің басты қызметі:  уақытында және сапалы әлеуметтік-психологиялық, алдын-алу көмегін көрсетуді қамтамасыз ету,  халықтың уақытында алдын-алу медициналық тексеруден өтулерін қамтамасыз ету,  үйге барып әлеуметтік-психологиялық қамқорлық жасауды жүзеге асыру,  кеңестік-психологиялық көмек,  салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатынасу,  Денсаулық мектебі жұмысын жақсарту,  іс-шаралар өткізуге қатысу. (дүниежүзілік денсаулық күнін, онкүндіктер, айлықтар, ашық есік күнін және т.б)

 

Алдын-алу бөлімінің басшысы Молжигитова Гания Турсынбековна жоғары санаттағы дәрігер. Бөлімде білікті де білімді мамандар жұмыс жасайды. Жоғары,  ортаңғы санаттағы медбикелер мен медағалар,  акушер,  әжірибелі психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер.