Статистика бөлімі

 

 

Статистика бөлімі ескі КазхимМонтаж ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан.  2 дәрігер статистик, 2 медициналық статистик, 3 оператор, 1 программист, 1 инжинер техник жұмыс атқаратын ұжымды бас дәрігердің ұйымдастыру - әдістемелік  жұмысы бойынша орынбасары Сейдакбаров Ерлан Нұғманұлы басшылық етеді. Статистика бөлімі аурухананың барлық сандық құралдарын ретке келтіріп, аудан және облыс басшылығынан келетін тапсырмаларға уақытылы және дұрыс жауап қайтару, ауруханаға түсіп, емделіп шыққан науқастардың қозғалысына мониторинг жүргізу, статистикалық карталарды ақпарттық жүйеге енгізу және сол ақпараттық жүйелердің, медициналық порталдардың әрбір тармағын жатқа біліп, жауапты болу, еліміздегі жаңа ұғым "медициналық сақтандыру" бойынша жұмыс жүргізу, цифрлық дамуға байланысты адамдарды қабылдау, күнделікті болып жатқан іс - шараларды әлеуметтік жүйеге уақытылы жариялау, кез келген уақытта, кез келген санды беріп, оны дәлеудеу, осының бәрі статистика бөлімінің жауапкершілігінде. Ауруханамыздың  цифрлық айнасы - статистика бөлімі. Медициналық білімді бойына сіңіру бір төбе, ал ол білімді сіңіре отырып, сандармен жұмыс істеу бір төбе.