Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес Сіздер емханаға тікелей жүгінген кезде «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақыру», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін, қажетті құжаттардың бірі ретінде «eGov mobile» мобилдік қосымшадағы «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі электрондық жеке басын куәландыратын құжатты пайдалана аласыздар.
«eGov mobile» мобилдік қосымшадағы «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі электрондық құжаттар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей.