Кожағаппар ауылында медициналық пункт ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар әзірленіп, конкурстық процедуралар өткізілді.
17 қыркүйек күні Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Исаков және бас есепші Ержан Ақыбаев, медициналық пункттің күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты техникалық қадағалау қызметінің мамандары және мердігерлермен кездесті.
Кездесу барысында бас дәрігер медициналық пункттегі күрделі жөндеу жұмыстарындағы пациенттің қауіпсіздігі үшін жасалатын маңызды тұстарды атап өтіп, ерекше назар аударуды қажет ететін жұмыстарға арнайы тоқталып өтті.
Медициналық пункттің күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17- жұлдызында басталды. Жөндеу жұмыстарының жүргізілу мерзімі 3 ай
